Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда көлігінің нөміріне стикер жапсырған жүргізуші ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024
- 1.2k
Ол жүргізуші құқығынан айырылып, 1 күнге қамауға алынды
Мемлекеттік нөмірді қағазбен жауып қойған ер адам жүргізуші құқығынан айырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жуалы ауданындағы полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын автокөлікті басқарғаны үшін ұстады.
«Sitrak» маркалы көлігі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» республикалық маңызы бар жолының 564-шақырымында тоқтатылды.
- Тексеру барысында жүргізуші мемлекеттік нөмірлердегі әріптерді қызыл қағазбен жауып тастағаны анықталды. Ол тауарды Ташкент қаласынан Алматы облысына тасымалдаушы екен. Ер адамға қатысты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған көлiк құралын басқару бойынша хаттама жасалды. Көлік айып тұрағына қойылды,- делінген облыстық ПД хабарламасында.
Сот шешімі бойынша ер адамға қатысты бір тәулікке қамауға алу және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026






