Жамбылда көлігінің нөміріне стикер жапсырған жүргізуші ұсталды
Ол жүргізуші құқығынан айырылып, 1 күнге қамауға алынды
Мемлекеттік нөмірді қағазбен жауып қойған ер адам жүргізуші құқығынан айырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жуалы ауданындағы полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын автокөлікті басқарғаны үшін ұстады.
«Sitrak» маркалы көлігі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» республикалық маңызы бар жолының 564-шақырымында тоқтатылды.
Сот шешімі бойынша ер адамға қатысты бір тәулікке қамауға алу және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды.