бейсенбі, 20 ақпан, 2025 18:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда көрші мемлекетке жанармай тасымалдау көрсеткіші 65 пайызға азайды

Жамбылда көрші мемлекетке жанармай тасымалдау көрсеткіші 65 пайызға азайды
Фото - ашық дереккөз
Заңсыз әрекетке тоқтам салу үшін «Переток» жедел-профилактикалық шарасы әзірленді

Жамбыл облысында көрші мемлекетке жанармай тасымалдау көрсеткіші 65 пайызға азайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   
Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Руслан Қасымовтың сөзінше, өткен жылы көлеңкелі кәсіппен айналысқан тұлғалардан сот өкімдерімен тәркіленген мүліктің жалпы сомасы 2,5 млрд тенгеден асады. 

- 2024 жылда өндірістегі 65 қылмыстық істен, 50 іс Департаментпен тіркелген. 48 қылмыстық іс сотқа жолданды және ақталмайтын негіздерімен тоқтатылды (73,85%). Анықталған залал 2,4 млрд тенге, мүлікке тыйым салу қоса алғанда өтілген залал көлемі 679 млн тенгеден аса құрады. 2024 жылда сот өкімдерімен тәркіленген мүліктің жалпы сомасы 2,5 млрд тенгеден аса құрады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректеріне жол берілген жоқ,- деді Руслан Қасымов. 

Сонымен қатар, қазір жанармайды Қырғызстанға шығаратындармен күрес күшейген. Департамент басшысы өткен жылы мұндай фактілер 65 пайызға азайғанын айтты. 

- Жамбыл облысының өзекті маселесінің бірі – ЖЖМ-ды Қырғызстанға заңсыз шығаруға қарсы күрес. Аталған мәселені шешу мақсатында «Переток» жедел-профилактикалық шараны өткізу алгоритмі әзірленді. Жедел-профилактикалық шараның нәтижесінде ЖЖМ-дың шығаруы 65% азайды. Қабылданған шаралармен ЖЖМ дефицитіне жол берілмей дихандардың уақытылы егін жинау жұмыстарына оң әсерін тигізді. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің құрамдас бөлігі акцизделетін (контрафактілі) өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес болып табылады. Бұл құбылыс ел экономикасына, адал кәсіпкерлерге аса ірі зиян келтіріп, халықтың денсаулығына үлкен қауіп келтіреді. 2024 жылда 5 миллиард теңгеден асатын акциздік шылым өнімдердің заңсыз айналымы деректері бойынша 22 қылмыстық іс тіркелді, 7 млн қораптың көлемінде темекі заңсыз айналымынан тәркіленді,- деді маман. 

Бұдан бөлек, қаржы пирамидалар мен заңсыз ойын-сауық бизнесіне қатысты 4300-ден аса сілтеме бұғатталған. 

- Қаржы пирамидалар мен заңсыз ойын-сауық бизнесі келеңсіз құбылыстармен күресу әлеуметтік және қоғамдық ортаның салауаттылығын, халықтың, оның ішінде өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы мен имандылығын қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Департамент тұрақты түрде профилактикалық іс-шараларды интернет кеңістігінде және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 2024 жылда аталған бағыттар бойынша 4300-ден аса сілтеме бұғатталды. Нәтижесінде, азаматтардың біраз қаржылары мен жеке жинақтары сақталды. Халықтын қаржы пирамидаларға қатысу деңгейі төмендеу байқалуда,- деді Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Руслан Қасымов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар