сенбі, 23 қараша, 2024 9:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда карантин талаптарын бұзғандардың тізімі жарияланды

Жамбылда карантин талаптарын бұзғандардың тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Жамбылда карантин талаптарын бұзғандардың тізімі жарияланды
Жамбыл облысында «қызыл» мәртебесі бола тұра, 14 күндік үй карантині талаптарын бұзған тұрғындардың тізімі жарияланды. Бір күнде 155 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды Коронавирус инфекциясына шалдыққан 1,8 мың науқастың жағдайы ауыр Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 500 мыңнан асты Еуропада «ковид рұқсатнамасының» қолдану аясы кеңейтіліп жатыр Жамбыл облысының 10 тұрғынына үйде оқшаулану тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Олар оң ПТР тест нәтижесі бола тұра қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, дәмхана, жоғарғы оқу орындары және т.б. нысандардың қызметтерін пайдаланған. Азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша 87 510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жазалау шаралары қабылданды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындардан үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ «ASHYQ» жобасына қатысатын кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына жобаның талаптарын ұстануды сұрайды. Сонымен қатар, «қызыл» мәртебесі бола тұра, 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімі жарияланды. 1. Элмира Тапелова – Сарысу ауданы 2. Жамилә Ақылбекова – Тараз қаласы 3. Елжан Даулет – Тараз қаласы 4. Эльмира Мусаева – Талас ауданы 5. Анара Әбдіханова – Тараз қаласы 6. Талғат Нұрбеков – Тараз қаласы 7. Айгүл Оразалиева – Тараз қаласы 8. Орунбай Каленбеков – Тараз қаласы 9. Мақсат Маханбетхан – Тараз қаласы 10. Ержан Таңатаров – Тараз қаласы  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар