Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен жасөспірім полициядан қашқан

Тәртіп сақшылары 15 жастағы бұзақыны қуып жетіп, қолға түсірді

Жамбылда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашқан,- деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Т. Рысқұлов ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында полиция қызметкерлері шетелдік нөмірлі көлікті құжаттарын тексеру үшін тоқтатпақ болған. Алайда «Honda Odyssey» маркалы автокөлігінің жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашып кетпек болған.

Іс материалдары процессуалдық шешім шығару үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотына жолданды.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысының аумағында 18 ақпаннан бастап «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.