сенбі, 23 қараша, 2024 5:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді

Жамбылда коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді
ашық дереккөзі
Жамбылда коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді

Ағымдағы жылдың 25 қазанындағы ахуал бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді, оның біреуі – симптомсыз.

Атап айтсақ, коронавирус Шу ауданының 57 жастағы тұрғынынан анықталды. Әйел жөтел, дене қызуы, тамақ ауруы, ентігуге қатысты шағымдары бойынша өз еркімен тексеруден өткен. Сондай-ақ, байланыста болған тұлға ретінде оның 57 жастағы туысы да тексерілген. Олар екеуі де жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды.

Ауру ошақтарында қорытынды дезинфекция шаралары жүргізілді.

Ал, Тараз қаласының 45 жастағы тұрғыны аталған дерттің симптомсыз түрін өткеруде. Қазіргі уақытта ол үй карантиніне алынған.

Жалпы, ағымдағы жылдың 25 қазанындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4172 жағдайы тіркелді, оның 4078-і емделіп, ауруханалардан шығарылды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар