дүйсенбі, 22 желтоқсан, 2025 20:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда мал дәрігерлеріне қызметтік көлік берілді

Жамбылда мал дәрігерлеріне қызметтік көлік берілді
Фото - Jambylinfo.kz
Салтанатты шараға облыс әкімі қатысты

Бүгін Таразда «Дала еңбегі - ел ырысы» атты ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, ветеренария саласының қызметкерлері қатысты. 
Облыс әкімі жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар маманды  марапаттады.

- Ауыл шаруашылығы – халықтың күнделікті тұрмысымен тікелей байланысты сала. Ауылдың көркеюі, жұрттың табысы Сіздердің еңбектеріңізге тәуелді. Қай кезде де тынымсыз еңбек етіп, елдің берекесін арттырып келе жатқан Сіздерге алғыс айту – парыз. Биыл салаға 48,6 млрд теңге бөлініп, 5 мыңнан астам шаруа мемлекеттік қолдауға ие болды. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығында 485,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 39,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Егістік көлемі 640 мың гектарға жетіп, 3,3 млн тонна өнім жиналды. Шаруалар 858 бірлік жаңа техника сатып алып, техника паркінің жаңару деңгейі 6,3 пайызға көтерілді. Мал шаруашылығында ет өндіру 2,2 пайызға, сүт көлемі 1,7 пайызға артты. Сонымен қатар 410 мың тонна пияз экспортталып, облыс республика бойынша алдыңғы орынға шықты. Бұл көрсеткіштердің бәрі – ауыл еңбеккерлерінің адал еңбегінің нақты нәтижесі, - деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар аймақ басшысы мал дәрігерлері мен орманшыларға қызметтік көлік кілттерін табыстады.
Жалпы мал дәрігерлеріне 50 көлік, орманшыларға 15 дана JAC (джак) маркалы кіші кешенді өрт сөндіру автокөліктері берілді. 
Сондай-ақ, демеушілер есебінен «Жамбыл табиғат» қоғамдық қоры арқылы 14 автокөлік және 15 дана пилотсыз ұшу аппараттары мен 17 дана мотоцикл орман қорғаушыларының игілігіне қызмет етеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар