Жамбылда марихуана сақтау дерегі бойынша екі адам сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 17:51
- 12
Түрксіб станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақпан айында көлік полицейлері Меркі ауданының теміржол торабы аумағында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Жамбыл облысының 33 және 53 жастағы екі тұрғыны анықтап, ұстады.
Тексеру барысында олардан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заттар салынған пакеттер табылды. Тәркіленген зат – жалпы салмағы шамамен 3,5 келі марихуана болып шықты. Ұсталғандар есірткі заттарын заңсыз жинап, жеке пайдалану үшін сақтағанын мойындады.
Сот оларды аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау бойынша кінәлі деп танып, әрқайсына 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.





