Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Жамбылда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Жуалы ауданы Бәйтерек ауылының аумағын патрульдеу кезінде 47 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Nissan Sunny маркалы автокөлігін тоқтатты. «Тексеру барысында полицейлер ер адамның автокөлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды»,-делінген полиция хабарламасында. Кінәлі жүргізуші Жуалы аудандық сотының қаулысымен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.