Жамбылда мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 10:32
- 102
Бюджет қаражатын тиімді игеруді мақсатында, заңсыздықты болдырмау бағытында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алу порталына үнемі мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жыл басынан бері жүргізілген мониторинг нәтижесінде мемлекеттік органдардың 107 сатып алу жоспарлары қайта қаралып, 1,1 млрд теңге бюджет қаражаты үнемдеді.
Мәселен, Т.Рысқұлов және Қордай аудандарының орталық аудандық ауруханалары тауарларды (майлықтар, кеңсе жабдықтарына арналған қағаздар, көмір және т.б. тауарлар) жоспарланған сатып алу жалпы сомасы 80 млн. теңгеден астам сомаға асыра бағаланған.
Департаменттің ұсынымынан кейін аталған жоспарлар қайта қаралып, 80 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді.