Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда мемлекеттік қызметкерлер 22 миллион теңгелік 4 автокөлікті сатып жіберген
- авторjambylinfo.kz
- 5 қаңтар, 2024
- 186
Жамбылда мемлекеттік қызметкерлер 22 миллион теңгелік 4 автокөлікті сатып жіберген
Жамбыл облысында "жоғалып кеткен" құны 22 миллион теңгелік 4 мемлекеттік автокөлік табылды, - деп хабарлайды Жамбылинфо облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Талас ауданының прокуратурасы "Таза-Талас" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі автокөліктерді заңсыз есептен шығару арқылы жымқыру деректерін анықтады.
Кәсіпорнының басшылығы мекемеге тиесілі нарықтық құны 22 млн теңге 4 автокөлікті жалған құжаттар рәсімдеу арқылы жарамсыз көлік құралдары ретінде заңсыз есептен шығарып, тиісті аукцион өткізбей, тікелей үшінші тұлғаларға сатқан.
Бұл дерек бойынша Талас ауданының прокуратурасы қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен жүргізілді.
Қазіргі таңда мекеме басшыларының іс-әрекеттері ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (жымқыру) және ҚК 369-бабы 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық) сараланды.
Тергеп-тексеру барысында құны 17 млн теңгені құрайтын 3 автокөлік мемлекетке қайтарылды, төртінші автокөлікті қайтаруға шаралар қабылданып жатыр. Қылмыстық іс сотқа жолдану барысында.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/98404/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала