Жамбылда мерекені тойлау кезінде от шашудан 11 адам зардап шекті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 қаңтар, 2025
- 126
Жамбылда Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде от шашудан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңа жылдық мерекеде пиротехникалық құралдарды пайдаланудан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті. Оның 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылды және 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық ем алып жатыр. Бұл туралы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармалары хабарлады.
Өңірлер бойынша Алматы қаласында - 19 адам, Жамбыл облысында - 11 адам, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында - 6 адам, Ақтөбе облысында-2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.
Олардың басым бөлігіне көз жарақаттары, көздің мөлдірқабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдап жатыр.
Барлық зардап шегушіге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Сарысу ауданында екі тұрғын үй пайдалануға берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
Таразда демалыс күндері бірқатар көше жабылады
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024