Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 76 көпқабатты үй салынуда

Жамбылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 76 көпқабатты үй салынуда

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалу барысы қаралды. Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы ауданы 313,8 мың шаршы метр 76 көпқабатты үйдің (4 482 пәтер) құрылысы жүруде. Оның 39-ы арендалық, 37-сі ипотекалық негіздегі үйлер. Тұрғын үй құрылысына барлығы 21,9 миллиард теңге бағытталған. 1 қазандағы жағдай бойынша баспана кезегінде 33 460 адам тұр. Биыл бюджет есебінен 1402 пәтерлі 30 арендалық үй және 1500 пәтерлі 20 ипотекалық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл дегеніміз 2902 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі деген сөз. Жыл басынан бері облыста 26 көпқабатты тұрғын үй (1481 пәтер) пайдалануға берілді.