Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті

Мерекелік шараға аймақтың барлық ауданынан келген 100 бала қатысты

Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Ғажайып оқиғаларға толы Жаңа жыл!» тақырыбында өткен мерекелік жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты.

Шараға аудандар мен Тараз қаласынан, арнайы мектеп интернаттардан келген 100 балақай келген. Олар өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар.

Мерекелік салтанатты шарада балақайлар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады. Ақ таяғын таянып, ақ сақалы желбіреп Аяз Ата ортаға шығып, сиқырлы таяғымен алуан түрлі ойыншықтарға көміліп тұрған жасыл шыршаның шамдарын жаққанда үлкен залды балалардың қуанышты у-шуы кернеді.

Бұдан соң аймақ басшысы мерекені тойлауға келген кішкентей қонақтарды арнайы құттықтап, ізгі тілегін арнады.

Сондай-ақ балаларға тәтті сыйлықтар және 80 мың теңгенің сертификаттарын табыстады.

Мерекелік шырша барысында балаларға арналған түрлі ән шырқалып, қойылым көрсетілді.