дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда пробация есебіндегі 98 тұлға шектеулерді сақтамағаны үшін сотталды

Жамбылда пробация есебіндегі 98 тұлға шектеулерді сақтамағаны үшін сотталды
фото - ашық дереккөзден
Оның бірқатары қылмыс жасап үлгерген

Жамбыл облысының прокуратурасы «Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету» жобасын іске асыру барысында облыс бойынша ҚАЖД-нің пробация қызметімен пробациялық бақылау жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Деректерге сүйенсек, пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасында жеткіліксіз өзара әрекеттестік, сондай-ақ, ауыр бұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа уақтылы ұсыныстарды жолдамау фактілері анықталған

  • Сот үкімдерімен белгіленген шектеулердің орындалуын талдау нәтижесінде есепте тұрған тұлғалармен қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны, бақылаудағы аумақтан шығу жағдайлары анықталды. Қадағалау актісі бойынша пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 45 ұсыныс жолданды, олардың 15-і сотпен қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында,- делінген хабарламада.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап белгіленген сот шектеулерін бұзғаны үшін 98 азамат бас бостандығынан айырылған.

  • Бұл шаралар қайталама қылмыстардың төмендеуіне және криминогендік жағдайдың жақсаруына ықпал етті. Пробациялық бақылау саласындағы аталған кемшіліктер облыс әкімі, құқық қорғау және арнайы органдардың басшыларының қатысуымен өткен Үйлестіру кеңесінде қаралды,- деді прокуратура.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар