дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда профилактикалық шара аясында 2 күнде 5 қылмыс ашылды

Жамбылда профилактикалық шара аясында 2 күнде 5 қылмыс ашылды
фото - ашық дереккөзден
«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасына 310 полиция қатысты

Жамбыл облысында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 18-20 қараша аралығында Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес республикалық «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шара мал ұрлығын болдырмау, құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыс бойынша 310 полиция қызметкері тартылып, алғашқы екі күнінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Профилактикалық шара барысында бұрын жасалған 5 мал ұрлығы қылмысы ашылды, оның ішінде 3 дерек өткен жылдар санатына жатады.

Сондай-ақ, тәулік ішінде 2 мал ұрлығы тіркеліп, қылмыстың ізі суымай ашылды.

Сонымен қатар, мал және ет өнімдерін заңсыз, құжаттарсыз тасымалдаудың 26 дерегі (ҚР ӘҚБтК 406-бабы) анықталды. Мал жаю ережелерін бұзудың 60 дерегі(ҚР ӘҚБтК 408-бабы) тіркелді. Оған қоса, 337 шаруа қожалығы мен ферма тексерілді. Қараусыз жүрген 113 бас мал арнайы тұрақтарға қамалды. Аталған бағыттағы жұмыстар облыс аумағында тұрақты түрде жалғасатын болады. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкін қорғау шараларын күшейтуді және малды қараусыз қалдырмауды ескертеді,-делінген ресми хабарламада. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар