Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда прокуратура кәсіпкерлерге қатысты заңсыз салық тексерулерін тоқтатты

Өйткені, құзырлы орган жергілікті кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін анықтаған

 Жамбылда прокуратура кәсіпкерлерге қатысты заңсыз салық тексерулерін тоқтатты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Анықталғандай, салық органдары кәсіпкерлердің кірісін негізсіз төмен көрсеткен деп айыптап, олардың келісімінсіз хронометраждық тексерулер жүргізген.

Мысалы, 2024 жылы Мемлекеттік кірістер басқармасы бір жеке кәсіпкердің қызметіне тексеру жүргізіп, нәтижесінде кәсіпкер салық есептілігінде табысын 9,7 млн теңгеге арттыруы тиіс деген шешім шығарған.  Алайда құжаттарды мұқият зерделеу барысында кәсіпкер тарапынан ешқандай заңбұзушылық анықталмаған.