Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда Ресей балет жұлдыздарының гала-концерті өтті

Жамбылда Ресей балет жұлдыздарының гала-концерті өтті

2023 жылдың 1 наурызында Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залының сахнасында Ресей балет жұлдыздарының гала-концерті өтті «Әлемдік классиканың жауһарлары» бағдарламасын Ресейдің еңбек сіңірген әртістері, жетекші ресейлік театрлардың балет солистері, әлемдегі ең мықты балет мектептерінің өкілдері ұсынды. Концерттік бағдарламада аты аңызға айналған Мариус Петипа қойған классикалық балеттерден үзінділер бар: «Лебединое озеро», «Щелкунчик», «Дон Кихот», «Ле Корсар», «Ұйқыдағы ару» және т.б. Гастрольдік сапарда кәсіби бишілер көптеген қалалар мен елдерді аралап, виртуоздық өнерімен, сахналық шеберлігімен, сәнді киімдерімен көрермендерді баурап алды. Ұлы композиторлар П.Чайковский, Л.Минкус, А.Адам және басқалардың музыкасы балет өнеріне ерекше тартымдылық, шынайылық сыйлады. Бағдарламаның оежиссері және көркемдік жетекшісі , халықаралық сыйлықтың лауреаты, Ваганова атындағы Ресей балет академиясының түлегі, Мариин театры труппасының солисті Сергей Кононенко.