Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды
Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды
Заманауи үлгіде жабдықталып, білікті дәрігерлерден тұратын медициналық орталықтарТараз қаласындағы №5 емхана мен Жамбыл және Меркі аудандық ауруханасының базасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетін үздік практикалық орталықтароблыста алғаш рет ашылды. Бұндай игі бастаманың басты мақсаты –инновавиялық озық технологияларды пайдалана отырып, мамандардың кәсіби құзыреттілігін аттыру, олардың халық денсаулығы үшін жауапкершілігін күшейту, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру және науқастарға сапалы әрі шұғыл қызмет көрсетугебағытталған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб, Медициналық Ұлттық қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков Меркі ауылындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі үздік практикалық орталығының ашылуына қатысты.
Сондай-ақ, облыс әкімі өткен жылы өңірде 5 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, биыл тағы 8 нысан ашылатынын жеткізді.Таразда облыстық онкологиялық диспансер іске қосылады.Өңірдің бес бірдей ауданыКТ аппратыменқамтылған. Сол секілді, Меркі ауданында да КТ және магнитті-резонанстық томография бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетудің үздік тәжірибелік орталығын ашу жолында көп жұмыс атқарылғанын айтты.
Аудандық орталық аурухана базасында ашылған бұл орталықта барлығы арнайы дайындықтан өткен 10 білікті маман қызмет көрсетеді. Олардың төртеуі дәрігер, алтауы орта буын медициналық қызметкерлері. Бұдан соң облыс әкімі Ақтоған ауылдық округінде 300 тұрғынға берілетін жер теліміне жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмысымен танысты. Бұл аумаққа былтырдан бері жол мен электр жүйесі үшін “Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 600 миллион теңге жұмсалған. Енді ауыз су тартуға 370 миллион теңге бөлінеді деп күтілуде. Ауылдық округтің әкімі Тұрар Дулатбаев округ бойынша 600 тұрғын жер кезегінде тұрғандығын жеткізді.
Келесі кезекте облыс басшысы Меркі ауылындағы “Нұрай" жекеменшік оқыту орталығына ат басын бұрды. Мұнда 1-4 сынып бойынша 120 бала білім алуда. Барлығы 8 сынып бар. Оның алтауы қазақ, екеуі орыс тілдерінде білім береді. 11 мұғалімнің жалақысы мемлекеттік мектептегі ұстаздардың жалақысынан біршама жоғары. Орталық директоры Гүлнұр Отарбаева мұнда жас ұрпаққа барлық жағдай жасалғанын айтты. Облыс әкімі оқушыларды әңгімеге тартып, оқуда озат болуларын тіледі.
Аймақ басшысы балық өсірумен айналысатын “Рузиев" шаруа қожалығының жұмысымен де танысты. Шаруа қожалық төрағасы Азиз Рузиев Германияда жұмыс істеп тәжірибе жинаған. Ол 5 миллион теңге қайтарымсыз несие алып, осы көлге 5 мың форель балығының шабағын жіберген. Жергілікті екі тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Облыс әкімі іссапарын алма өсірумен айналысатын "Береке" шаруа қожалығында түйіндеді. Мұнда 25 гектарға алманың сапалы сорты өсірілуде. Қожалық мүшесі Берік Егембердиев былтыр аталған алма бақтың гектарына 250 тоннадан өнім алса, биыл да сол межеден шығып отыр. Мұндағы алма өнімдері Бахрейнге, алыс-жақын шетелге экспортталуда. Одан бөлек бұл шаруашылық 10 сотық жерге еккен құлпынайдан 15 тонна өнім алыпты. Бұл құлпынай алқабы тамшылатып суару тәсілімен ылғалданады. Құлпынайдың әр келісі 2 мың теңгеден өткерілгенін ескерсек, кәсіпкер қанша табыс тапқанын есептеу қиын емес. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапары соңында белсенді шаруашылықты қолдау туралы аудан әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.