Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда сот орындаушы клиенттерінің қалтасын қаққан

Ол 46 борышкердің ақшасын заңсыз жымқырған

Тараз қаласы прокуратурасы тексеру жүргізу нәтижесінде жеке сот орындаушысының мемлекет пен банк ұйымдарының пайдасына өндіруге тиіс қаражатты ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек,  сот орындаушы 46 борышкерден өндіріп алынған соммасы 3,1 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 635 мың теңге қаражатты жеке шотына аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Осылайша борышкерлерге қатысты атқарушылық материалдар түпкілікті орындалмай, берешек өтелмей қалған.