сенбі, 23 қараша, 2024 18:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда төрт күнде интернет-алаяқтықтың 27 дерегі ашылды

Жамбылда төрт күнде интернет-алаяқтықтың 27 дерегі ашылды
ашық дереккөзі
Жамбылда төрт күнде интернет-алаяқтықтың 27 дерегі ашылды
Жамбылда «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының 4 күнінде интернет-алаяқтықпен байланысты 27 қылмыс ашылды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 9 тамызынан бастап республика аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр. Аталған іс-шара интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және бұрын жасалған қылмыстарды ашу мақсатына негізделген. «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының төрт күндік қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықтың 27 жайты анықталып, ашылды. Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе оның сеніміне кіру жолымен алаяқтық жасағаны үшін ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша мүлкi тәркiленiп, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар