Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда табиғи және трансшекаралық өрттерді жоюға бағытталған оқу-жаттығу жиыны өткізілуде

The final spritzer

Жалпы оқу-жаттығуға 300-ден астам маман мен 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Жамбыл облысында «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында табиғи және трансшекаралық өрттерді жоюға бағытталған тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жұмыстары өткізілуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл оқу-жаттығудың басты мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған сәтте мемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде Қырғыз Республикасымен шекаралас аймақтардағы өзара іс-қимылдары жетілдіру.

Шараға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, ерікті өртке қарсы құрылымдар, орман шаруашылығы мамандары, медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысуда.

Жалпы оқу-жаттығуға 300-ден астам маман мен 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.