Жамбылда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында жастармен кездесу өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 26 қараша, 2025
- 201
Бүгін дәл акция аясының маңызын түсіндіру үшін Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде студенттермен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамның экобелсенділігін арттыру мәселелерін талқылап, белсенді жас А. Лесбек акцияның тек қоқыс жинау емес, азаматтардың табиғатқа жанашыр болуына бағытталған маңызды қозғалыс екенін айтты.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – табиғатты қорғауға бағытталған бірегей бастамалардың бірі. Бұл шараның мәні тек қоқыс жинауда ғана емес, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруда жатыр. Акция халықты бір мақсатқа біріктіріп, табиғатқа жанашырлық танытуға, өз ауласынан бастап туған өлкесін таза ұстауға үндейді. Осындай игі бастамалар арқылы экологиялық мәдениет артып, келешек буын үшін экологиялық қауіпсіз әрі көрікті орта қалыптасады. «Таза Қазақстан» – әр азаматтың жауапкершілігін арттыратын маңызды қозғалыс», – деді белсенді жас А. Лесбек.
Тұрғындарға тазалыққа қатысты мәселелерді жергілікті атқарушы органдарға жылдам жеткізу үшін арнайы «Таза Қазақстан» телеграм-боты жұмыс істеп, жыл басынан бері осы сервис арқылы 745 өтінім түсіп, олардың басым бөлігі қоқыс шығару, көшелерді тазарту, жолдарды жөндеу және арық жүйелерін тазалауға қатысты болды. Облыс аумағында акцияға 109,4 мың адам мен 1,8 мың кәсіпорын мен мекеме қатысып, 56 тарихи-мәдени ескерткіш пен 100,5 мың шаршы метр аула тазартылып, 3,1 шақырым көше жолдары ретке келтіріліп, 858,8 шақырым арықтар мен каналдарда тазалық жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 81,6 мың шаршы метр саябақтар мен скверлерді тазалау барысында жалпы 12,1 мың тонна күл-қоқыс шығарылды.






