Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдағы 23 елді мекенде төрт түлікті қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді
- авторjambylinfo.kz
- 13 қазан, 2021
- 202
Жамбылдағы 23 елді мекенде төрт түлікті қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді
Жамбыл облысында төрт түліктің өнімділігін арттыруды мақсат еткен шаруалар қолдан ұрықтандыра тәсілін пайдалана алады. Ол үшін 23 елді мекенде арнайы пункттер жұмыс істеуде. Ауыл-шаруашылық жануарларын қолдан ұрықтандыруды аудандардағы ветеринариялық станциялар ақылы түрде жүргiзедi.
Қазіргі таңда өңірде қолдан ұрықтандыру шараларын жүргізуге сертификат алған мал дәрігері мамандарының саны 138-ге жеткен, ұрықтандырылған мал саны 696-ны құрайды.
Мамандардың пікірінше, қолдан ұрықтандыру уақыты сиырдың физиологиялық жағдайына тiкелей байланысты. Мәселен, ол үшін мал иелерi сиыр төлдегеннен кейiн 18-21 күн аралығында келетiн күйлеу уақытын өткiзiп алмаулары керек. Ал жекелеген малды қолдан ұрықтандыру тұрғындардың өтiнiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.
Жоғары өнiмдi бұқалардың тұқымдары «Асылдандыру-Тараз» ЖШС-нан немесе басқа да кәсіпорындардан әкелiнедi екен. Бұл жаңалық көптеген мал ауруларына тосқауыл қоятын көрінеді. Өйткені, бруцеллез, трихомоноз сияқты індеттер табиғи жағдайда бұқалар мен қошқарлардан ұрғашы малдарға тарайды.
Осы тақырып төңірегіндегі мәселелер «Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» АҚ «Жаңа қадам! Жаңа бағыт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жануарларды қолдан ұрықтандыру техникасын тиімді пайдалану және оның әдістерін меңгеру» атты практикалық оқу семинарында жан-жақты айтылды. Оған өңірдегі 138 мал дәрігері қатысып, «Жануарларды қолдан ұрықтандыру технигі» сертификаттарын алды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Т.Рысқұлов ауданында кіші футболдан жарыс өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024