Жамбылдағы 6 жастағы бала өлімі: Бас дәрігер жұмыстан шығарылды
Бұл туралы өңір әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданындағы орталық ауруханада 6 жастағы бала көз жұмған соң бас дәрігер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz baq.kz сілтеме жасап.
Бұған қоса, баланың анасы да екі жыл бұрын дәл осы медициналық мекемеде көз жұмғаны белгілі болды.
Әкімнің айтуынша, бұл жағдайдан соң өңірдегі өзге медициналық мекемелердің басшыларымен де тиісті жұмыс жүргізілген. Ол ахуал толық бақылауда екенін және мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылданатынын айтты.