Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдағы «Исмаил» магистральдық каналы жаңғыртудан өтуде

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында ұзындығы 9,2 шақырым болатын «Исмаил» магистральдық каналы реконструкцияланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жұмыстар биыл қаңтар айында басталып, бүгінде 2,5 шақырым учаске реконструкцияланды.

Жоба аясында каналды бетондау, су шығару тетіктерін, бөгейтін құрылысжайлар мен нөсерлетіп су ағызу жүйелерін орнату, сондай-ақ гидробекет салу қарастырылған.

«Исмаил» каналы арқылы Аса өзенінен Жамбыл ауданының суармалы жерлеріне су жеткізіледі. Нысанның су өткізу қуаты - секундына 6 текше метр. Каналды реконструкциялау 1454 гектар жерге судың жеткізілуін жақсартып, су шығынын азайтуға мүмкіндік береді.