Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдағы нашар қызмет көрсететін медициналық мекемелер белгілі болды

Жамбылдағы нашар қызмет көрсететін медициналық мекемелер белгілі болды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалық етумен алқа отырысы өтті. Аймақтарға жұмыс сапары және халықпен кездесу, азаматтарды қабылдау және ведомствоға келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, медициналық көмек сапасының стандарттарын өрескел бұзатын бірқатар аймақтар мен медициналық ұйымдардың жұмысын қатаң сынға алды. «Өңірлер мен медициналық ұйымдар арасындағы медициналық көмектің сапасы бойынша мұндай рейтинг тоқсан сайын, жария түрде жүргізілетінін ескерткім келеді. Сондай-ақ мына мәліметтерджің бәрі аймақ әкімдерінің назарына ұсынылады», – деп қорытындылады Ажар Ғиният. Ең көп сертификаты жоқ медицина қызметкері Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл облыстарынан, Алматы қаласынан анықталды. Оның үстіне, мұндай фактілер аккредиттелген медициналық ұйымдарды кездеседі. Бұл медициналық ұйым тарапынан аккредитацияға немқұрайлы қарым-қатынас бар екенін көрсетеді. Айта кетерлігі, ең көп бұзушылықтар мен шағымдар бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше БАЙЗАҚ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше ҚОРДАЙ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ МЕН «ALMAZ MEDICAL GROUP» ЖШС аталды. Дереккөз: Басты бет - TURANINFO.KZ