Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдағы жан түршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

Оқиға "Батыс Еуропа-Батыс Қытай"  автожолының 526- шақырымында болған

Жамбылдағы жан түршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz   

Полиция департаментінің дерегінше, "Cadillac Escalade" маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығуы салдарынан сол бағытта келе жатқан "DAF"маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берген.

Нәтижесінде "Cadillac Escalade" көлігі өз жолағына түсіп, "Газель"маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен.