Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда қызылшамен ауырғандар саны екі аптада 27,9 %-ға өсті
- авторjambylinfo.kz
- 17 қаңтар, 2024
- 1.4k
Жамбылда қызылшамен ауырғандар саны екі аптада 27,9 %-ға өсті
Жамбыл облысында қызылшамен ауырғандар саны соңғы екі аптада 27,9%-ға өсті деп хабарлайды Jambylinfo.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады. Тараз қаласы сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақта». Мұнда 2359 жағдай тіркелген.
Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде, яғни «сары аумақта »:
Байзақ ауданы – 314 жағдай
Сарысу ауданы – 122 жағдай
Шу ауданы – 292 жағдай
Меркі ауданы – 204 жағдай
Қордай ауданы – 297 жағдай
Жамбыл ауданы – 141 жағдай
4 өңір «жасыл аумақта». Олар: Жуалы, Талас, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандары. Мұндай жұқтырғандар саны 100-ге жетпейді.
Қазіргі таңда 239 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның ішінде 1 жүкті әйел , 182 балалар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024