Жамбылда жүргізуші куәлігін үйге жеткізу сервисі іске қосылды
Жамбылда жүргізуші куәлігін үйге жеткізу сервисі іске қосылды
Жамбыл облысында тұрғындар енді жүргізіші куәліктерін үйде отырып ала алады. Бұл туралы ӨКҚ-ң ақпарат алаңында өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатының барысында Данияр Медетбеков мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір мәселелеріне толық тоқталды.
Бүгінде мемлекеттік қызметтерді дұрыс алуды үйрету мақсатында кеңестер беру үшін бірыңғай байланыс орталығы 1414 номеріне хабарласуға болады. Биыл осы орталық операторлары 850 774 қоңырау қабылдап, кеңестер берген. Ал, бейне-ассистенттерге арналған сектор арқылы барлығы 510 054 бейнеқоңырау қабылданып, 221 826 азамат «Азаматтардың мобильдік базасына» тіркелген.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына үйлеріне барып қызмет көрсету мақсатында «Help desk» бағдарламасы жасалған. Бұл бағдарлама бойынша 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мүгедек балалар, ҰОС ардагерлері және 70 жастан жоғары азаматтарға қызмет жасалады. 2020 жылдың 11 айында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2 160 шығу жүзеге асырылып, 2676 қызмет көрсетілген.