Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда жәрмеңке жалғасуда

Жамбылда жәрмеңке жалғасуда

Бүгін "Ауыл шаруашылығы күніне" орай Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінің ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңкеге Байзақ, Қордай аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары ұсынылды. Аталған іс-шараға арнайы облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашев келіп, оң бағасын берді, тиісті мекеме басшыларына қосымша тапсырмалар жүктеді. Жәрмеңкеде жалпы құны 15,5 млн. теңгені құрайтын 49,3тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде3,9 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 1 тонна шұжық өнімдері, 1тонна сүт өнімдері, 0,4 тонна кондитерлік өнімдер мен 1 тонна макарон өнімдері, 0,3 тонна балық, 1 тонна ұн, 0,9тонна бал және 39,8 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.