жексенбі, 6 қазан, 2024 3:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 57 күдіктіге қылмыстық іс қозғалды

Жамбылда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 57 күдіктіге қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Жамбылда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 57 күдіктіге қылмыстық іс қозғалды
Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 57 күдіктіге қылмыстық іс қозғалуда. Бұл туралы облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында айтылды. Қазіргі таңда Жамбыл облысында жағдай тұрақты. Штабтың мәлеметінше, Жамбыл облысында 4-6 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2723 күдікті полицияға жеткізілген. Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 573-іне әкімшілік жауапкершілікке тартылса (о.і. 186 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 52-іне айыппұл салынып, 335-іне ескерту берілген), 57-іне қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 206-ға жетті. (Қаруларын ерікті тұрде тапсырып жатқандар да бар). Оның ішінде 62 «Калашников» автоматы, 13 снайперлі-винтовка, 12 «Сайга» карабин, 24 тапанша, 3 арнайы пулеметтік тапанша, 3 гранатомет РПГ, 48 тегіс ұңғылы мылтық және тағы басқалар бар
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар