сенбі, 23 қараша, 2024 23:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жарылыстан зардап шеккен 75 нысан қайтадан қалпына келтірілді

Жамбылда жарылыстан зардап шеккен 75 нысан қайтадан қалпына келтірілді
ашық дереккөзі
Жамбылда жарылыстан зардап шеккен 75 нысан қайтадан қалпына келтірілді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жексенбі күні Байзақ ауданындағы қалпына келтіру жұмысымен танысты. Алдымен Қайнар ауылында болған аймақ басшысы жөндеу-құрылыс шараларының сапалы әрі мерзімінде орындалуына баса назар аударды Аудандағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін 5 жұмыс тобы құрылып, оның құрамына құрылыс басқармасының, аудан әкімдігінің, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу институтының, жобалау ұйымдарының қызметкерлері және төтенше жағдай қызметкерлері енген. Аталған жұмыс топтары Байзақтағы Қайнар, Үшбұлақ, Жібек жолы, Төрекелді, Базарбай, Көкбастау ауылдарындағы барлық үйді зерделеп, 159 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік нысанның зардап шеккені анықталды. Оның ішінде 35 үй мен 12 коммерциялық, 1 әлеуметтік нысанға және 1 ауылішілік жолға айтарлықтай елеулі зардап келгендіктен, мемлекет есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шешім қабылданған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар