сейсенбі, 17 наурыз, 2026 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жас ұстаздарды қолдауға арналған жиын өтті

Жамбылда жас ұстаздарды қолдауға арналған жиын өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, 105 жас маман барлығы 126 педагог қатысты.

Таразда GPA 3,33-тен жоғары жоғары нәтиже алып, конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданған педагогтерді қолдауға арналған диалогтік алаң өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 Жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков, тәжірибелі ұстаздар мен білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ жас педагогтер қатысты.

Іс-шара барысында жас мамандардың білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі, олардың құқықтары мен кәсіби міндеттері, кәсіби бейімделу кезеңіндегі қолдау тетіктері жан-жақты талқыланды. 

Сонымен қатар, педагогтердің ұсыныстары тыңдалып, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. 

Алаңның маңызды бөліктерінің бірі – қатысушылардың кері байланыс сессиясы болды. Онда жас педагогтер өз ойларын ортаға салып, кәсіби дамуға қатысты нақты ұсыныстарын білдірді.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар