Жамбылда ЖД-158/5 мекемесінде 64 сотталушы рақымшылыққа ілінді
Жамбылда ЖД-158/5 мекемесінде 64 сотталушы рақымшылыққа ілінді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рақымшылық» туралы заң қолданысқа енді. Жаңа Заңға сәйкес Жамбыл облысындағы ЖД-158/5 мекемесінде 64 сотталушы рақымшылыққа ілінді. Бұл туралы мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков айтты. - Қазіргі таңда ЖД-158/5 мекемесінен 64 жазасын өтеуші рақымшылық заңының талаптарына сәйкестендірілді. Оның ішінде, 53 сотталған жаза өтеуден босатылса, өзгелерінің жаза мерзімдері қысқартылады. Бүгінгі күні Жамбыл аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес сотталған 5 адамға қатысты жазасынан босату туралы ұсыныстар қаралып, қанағаттандырылды, -деді Б.Шарипбеков. Айта кету керек, Рақымшылық заңы 6 ай көлемінде жүргізіледі. Осы уақыт аралығында мекемеге жаңадан әкелінген барлық сотталғандардың жеке істері зерделеуден өткізіледі. Жалпы жазаны ізгілендірудегі заң шығарушы органның мақсаты - сотталушының қоғамнан өз орнын табуына ықпал жасау.