сәрсенбі, 8 сәуір, 2026 14:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жол апаттарының алдын алуға арналған ерекше акция өтті

Жамбылда жол апаттарының алдын алуға арналған ерекше акция өтті
Фото: Polisia.kz
Акцияның басты мақсаты — азаматтардың назарын жол қауіпсіздігіне аудару, сондай-ақ жылдамдықты асыру, салғырттық немесе қарапайым жол ережелерін сақтамау қандай жағдайларға әкелетінін көрнекі түрде көрсету.

Жамбыл облысында полиция ерекше акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Polisia.kz. сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері қаланың орталық көшелеріне жол-көлік оқиғаларынан қираған автокөліктер мен мопедтерді қойды. Мыжылған темір мен сынған әйнектер жол қозғалысы ережелерін елемеудің салдарын айқын көрсетті.

Іс-шараға жас жол инспекторларының қатысуы ерекше әсер сыйлады. Оқушылар полиция қызметкерлеріне жол қозғалысы ережелерін түсіндіруге көмектесіп қана қоймай, жүргізушілерді сақ болуға шақырды.

— Полиция қызметкерлерімен “Заң және тәртіп” қағидаты аясында жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні қылмыс деңгейін 18 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. Сонымен қатар, жол-көлік жарақаттануын азайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар да жүйелі түрде жүргізілуде. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.  Бүгінде білім беру ұйымдарының маңында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Жаяу жүргіншілер өткелдеріне ескерту макеттері орнатылды. Осындай шаралардың нәтижесінде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары 20 пайыздан астамға азайды. Қоғамдық тәртіптің сақталуы да қатаң бақылауға алынған, — деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев.

Мұндай акциялар әдеттегі ескертулер мен айыппұлдарға қарағанда әлдеқайда әсерлі. Жол апатының салдарын көзбен көру адамдарды ойландырып, өз әрекеттерін қайта қарауға итермелейді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар