Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда жыл басынан 285 бас малдан бруцеллез ауруы анықталған

Бұл үшін жануарлардан 1,8 млн қан сынамасына манипуляция жасалған

Биыл облыста бруцеллез ауруы анықталған 285 бас ауыл шаруашылығы жануарлары санитариялық талаптармен сойылып, кезең кезеңімен қайта өңделген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыстық ветеренария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Көкейдің сөзінше, аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 8,7млн манипуляция жүргізілген.

Ал, Жамбыл облысы негізгі ошағы болып саналатын конго-қырым қыбасына қарсы жарты миллионнан аса мал залаласыздандыру шараларынан өткен.