сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 0:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жыл басынан бері 33 тұлға ата-ана құқығынан айырылған

Жамбылда жыл басынан бері 33 тұлға ата-ана құқығынан айырылған
Сурет ашық дереккөзден алынды
Жыл басынан бері 120 отбасы есепке алынған

Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кеңейтілген отырысындаоблыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы қолайсыз 120 отбасы мен құқық бұзған 245 кәмелет жасына толмаған жасөспірім полиция есебіне алынған.

"Қазір арнайы тізімінде 363 жасөспірім және 309 қолайсыз отбасы бар. Есепте тұрған кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс үнемі жүргізіледі, олардың үй-жайы, оқу орындары бойынша тексерістер жасалады. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда біз өз құзыретіміз шеңберінде тиісті шаралар қабылдап, мүдделі органдарға хабарлаймыз", - дейді құзырлы орган өкілі.

Сондай-ақ 4 айдың ішінде девианттық тәрбиедегі мінез құлқына байланысты 9 жасөспірім арнайы режимдегі мектепке орналастырылған. Ал 33 тұлға сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылса, 143 жасөспірімге бейімдеу орталығынан орын бөлінген. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар