Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда жыл басынан бері 33 тұлға ата-ана құқығынан айырылған

Жыл басынан бері 120 отбасы есепке алынған

Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кеңейтілген отырысындаоблыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы қолайсыз 120 отбасы мен құқық бұзған 245 кәмелет жасына толмаған жасөспірім полиция есебіне алынған.

Сондай-ақ 4 айдың ішінде девианттық тәрбиедегі мінез құлқына байланысты 9 жасөспірім арнайы режимдегі мектепке орналастырылған. Ал 33 тұлға сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылса, 143 жасөспірімге бейімдеу орталығынан орын бөлінген.