Жамбылда жылдамдықты асыру салдарынан 125 көлік апаты болған
Жамбылда жылдамдықты асыру салдарынан 125 көлік апаты болған
Жамбыл облысында жылдамдықты асыруға байланысты 125 жол көлік оқиғасы орын алған. Ұлытау ауданындағы дала өрті толықтай өшірілді Жамбыл облысында жыл басынан бері 8 бала терезеден құлап кеткен Баянауылда екі жасар бала трактордан құлап, көз жұмды Гаити президентін өлтіргендер ұсталды Ағымдағы жылдың басынан бері облыс жолдарында жылдамдықты асыруға байланысты 125 жол-көлік оқиғасы орын алған, онда 34 адам қаза тауып, 159 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады. «Жыл басынан бері барлығы 60 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды, оның ішінде жолдарда жылдамдықты арттырған 5 495 көлік жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тек «Арқан» мобильді кешендерінің көмегімен республикалық маңызы бар автожолдарда жылдамдықты арттырудың 20 мыңнан астам дерегі анықталды», – деді полиция департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.