дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 18:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жылына 3 млн тонна жүгері өңдейтін жаңа өндіріс іске қосылады

Жамбылда жылына 3 млн тонна жүгері өңдейтін жаңа өндіріс іске қосылады
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жамбыл облысының Шу ауданында жүгеріні терең өңдеуге бағытталған стратегиялық инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Өндірістік кешен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында салынып жатыр. Жобаға Shengtai Biotech Co., Ltd (Fufeng Group) компаниясы қатысуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жоба Мемлекет басшысының өңдеуші өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, өнеркәсіптік паркті кезең-кезеңімен салуды көздейді. Қазіргі таңда кәсіпорынның алғашқы кезеңі аяқталды.

Зауыт сұранысқа ие аминқышқылдарын, соның ішінде валин, треонин, глутамин және цитруллин өндіруге бағытталған.

Қазіргі уақытта сынақтық тәртіпте алғашқы өнім изолейцин мен лейцин алынды.  Бұл отандық өнеркәсіп үшін аса маңызды оқиға. Өйткені тармақталған тізбекті алмастырылмайтын аминқышқылдарын өндіру Қазақстанда және жалпы Орталық Азия өңірінде алғаш рет игерілді.  Бүгінгі күні межелі мақсатқа жету үшін өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жыл сайын 3 миллион тоннаға дейін жүгері өңделіп, 1700 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жалпы инвестиция көлемі 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайды, кәсіпорын аумағы 400 гектарды қамтыған.  Өндірілген өнімдер Орталық Азия, Еуропа, Америка және Африка елдеріне экспортталатын болады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар