Жамбылдық 99 оқушы үздік "мың бала" қатарында
Жамбылдық 99 оқушы үздік "мың бала" қатарында
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысқан жамбылдық 745 оқушының 99-ы жеңімпаз атанып, үздік 1000 баланың қатарынан көрінді. Елімізде биыл үшінші рет ұйымдастырылған ауыл оқушыларына арналған білім бәйгесіне облыс бойынша 14 022 оқушы қатысқан. Өткен жылы жеңімпаздардың саны – 68 болса, биыл 99-ға жетті.Жеңімпаздардың басым бөлігі Жамбыл, Байзақ, Меркі аудандарының оқушылары. Жеңімпаздардың 42-і 5-сыныпты, ал 57-і 6-сыныпты тәмамдайды. ҚР БҒМ квоталарына сәйкес 6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар Қазастанның кез-келген дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алады.