сенбі, 5 қазан, 2024 19:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық ауыл әкімі республикалық байқауда жүлдегер атанды

Жамбылдық ауыл әкімі республикалық байқауда жүлдегер атанды
ашық дереккөзі
Жамбылдық ауыл әкімі республикалық байқауда жүлдегер атанды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы аяқталды.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік әлеуметтік-экономикалық жоба» номинациясы Т. Рысқұлов ауданы Абай ауылдық округінің әкімі Мұратбек Арыстамбековке табысталды.

Республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жаилғанованың атынан  грамоталармен, дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, конкурс елдің ауылдық елді мекендеріндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жергілікті бастамаларды, оның ішінде қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын ынталандыру, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосатын үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу мақсатында ұйымдастырылды.

 

Г.Бахытжанқызы,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ресми уәкілі 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар