Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдық дәрігерлер ауыр инсульт алған Ресей азаматшасын аман алып қалды

The final spritzer

2025 жылдың наурыз айының соңында Ресей Федерациясының азаматшасы, 1967 жылы туылған Д. есімді пациент ауыр инсульт алып, миына кең көлемде қан құйылып, ес-түссіз жатып қалған.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алғашқы шұғыл ота оның тұрғылықты мекені — Байқоңыр қаласында жасалған. Бірақ науқастың жағдайы тұрақсыз болып, жақсарудың орнына нашарлапты. Сәуір айында жағдай мүлде қиындап, басына қайта қан құйылып, науқас есін толық жоғалқан.

Науқастың жақындары үмітін үзбей, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы мамандандырылған медициналық мекемелердің бірқатарына қайырылыпты. Алайда, науқастың жағдайының тым ауырлығы мен қолайсыз болжамға байланысты көптеген медициналық орталықтар оны қабылдаудан бас тартыпты. 

Сол сәтте туыстары Қазақстанға, оның ішінде Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасын таңдап, оны тауып байланысқа шығыпты. 

Аурухана мамандары, алдымен, қашықтықтан кеңес беріп, пациенттің ми тамырларында ақау болуы мүмкін екенін болжады. Содан кейін олар науқасты өздеріне әкелуді айтып, емдеуден өткізуге шешім қабылдайды. Бұл – оның өмірін сақтап қалуға берілген соңғы мүмкіндік болатын.

Науқас ауруханаға түскен кезде жағдайы өте ауыр еді: ес-түссіз, тыныс алуы нашар, жүрек жұмысы тұрақсыз, өкпесінде қабыну, ал бұрынғы ота орны іріңдеп кеткен. 

Алайда, медицина ғылымдарының кандидаты, хирургия және инновациялар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Асқар Мырзаханұлының жетекшілігімен көпсалалы кәсіби команда мен нейрохирургия орталығы дәрігерлерінің үйлесімді еңбегінің арқасында науқастың жағдайы тұрақтандырылды.