жексенбі, 6 қазан, 2024 2:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық экоеріктілер марапатталды

Жамбылдық экоеріктілер марапатталды
ашық дереккөзі
Жамбылдық экоеріктілер марапатталды

Бүгін Тараз қалалық жастар ресурстық орталығында облыс әкімінің алғыс хатымен қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып, табиғатты тазалау мен абаттандыруға атсалысқан волонтерлар мен белсенді азаматтар марапатталды. Өңірдің ерікті жастарын облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев құттықтап, оларға азаматтық белсенділіктері мен қайырымдылық шаралары үшін алғыс білдірді.

– Биылғы жыл «Волонтерлар жылы» екенін білесіздер. Ерікті азаматтар, сіздердің облыстың гүлденіп, дамуына еңбектеріңіз ерен. Сіздер азаматтық пен жанашырлықтарыңызды таныта отырып, бүкіл өңір жастарына үлгі көрсетіп келе жатырсыздар. Осыған орай облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен, еріктілерді ынталандыру мақсатында алғыс білдірмекпіз. Мұндай марапат еріктілер қозғалысының одан әрі дамуына тың серпін берері сөзсіз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Игі істердің басы-қасында жүріп, марапатталғандардың қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті Алтынай Манатбаева да бар.

– Менің түсінігімше, волонтерлық – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық пен қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту деп білемін. Өзім оқу орнына түскелі волонтерлар қатарында еңбек етіп келемін. Барлық қайырымдылық шаралар мен тазалық жұмыстарына атсалысып келе жатырмыз. Біздер өз еркімізбен қоғамға пайдалы іс атқаруға тырысамыз және шын жүрентен жасаған қайырымдылыққа құрмет көрсеткен облыс басшылығына алғысымызды білдіреміз, – дейді белсенді жас.

 

Айжан Өзбекова

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар