жексенбі, 17 қараша, 2024 9:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық оқушыларға заң талаптарын бұзбау туралы дәріс өткізілді

Жамбылдық оқушыларға заң талаптарын бұзбау туралы дәріс өткізілді
ашық дереккөзі
Жамбылдық оқушыларға заң талаптарын бұзбау туралы дәріс өткізілді
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен атақты жүзуші, әлемнің бірнеше дүркін рекордсмені, Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина Тараз қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Зульфия Габидуллина оқушыларға өзінің өмір жолы мен спорттық мансабындағы алғашқы қадамдары туралы айтып берді. Ол жастар арасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Оқушылармен әңгіме барысында Зульфия Габидуллина табысты болудың құпиясы - тынбай еңбектену, сондай-ақ мақсатқа жету үшін табанды жұмыс істеу қажеттігін баса айтты. Өз сөзінде атақты спортшы адамның алдағы кедергілер мен қиындықтарға қарамастан жеке тәртіпті сақтап, ерік-жігерді шыңдап, алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігі басым екендігіне ерекше назар аударды. - Салауатты өмір салтын таңдаған адам тыйым салынған, сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтіретін заттармен "әуестенбейді". Сондықтан кішкентай кезінен бастап балалардың бойында спортқа деген сүйіспеншілікті ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру өте маңызды. Мұндай кездесулер маған да, балаларға да тамаша көңіл-күй сыйлап, сергек сезінуге мүмкіндік береді, бүгінгі алған жағымды энергия бойымызда ұзақ уақыт сақталатын болады, - дейді Зульфия Габидуллина. Балалар құрметті қонақты мұқият тыңдап, оған өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Соңында естелік суретке түсті. Сондай-ақ, кездесу барысында оқушылар үшін "Синтетикалық есірткіні тарату мәселелері туралы" тақырыбында дәріс өткізілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар