жексенбі, 17 қараша, 2024 21:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық полицейлер 130 келіден астам марихуана сақтаған есірткі сатушыны ұстады

Жамбылдық полицейлер 130 келіден астам марихуана сақтаған есірткі сатушыны ұстады
ашық дереккөзі
Жамбылдық полицейлер 130 келіден астам марихуана сақтаған есірткі сатушыны ұстады
Полиция қызметкерлерімен жедел ақпаратты жүзеге асыру нәтижесінде Меркі ауданында 45 жастағы есірткі өткізуші ұсталды. Есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу операциясын Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді. Шаруа қожалығының аумағында мал бағумен айналысатын шопан иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұзақ уақыт бойы тыйым салынған заттарды сақтап келген. Аумақты тексеру барысында ол 2 жасырын орынды көрсетті, онда ағаштардың астында өткір иісі бар өсімдік тектес заттың 3 пакеті мен 2 елек жасырылған және одан 400 метр қашықтықта 6 қап пен 3 пакет анықталды. Алынған заттар сараптама нәтижелеріне сәйкес, жалпы салмағы 130 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады. Ұсталған азамат Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. - Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау). Бұл бап мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев. Полиция қызметкерлерімен жедел ақпаратты жүзеге асыру нәтижесінде Меркі ауданында 45 жастағы есірткі өткізуші ұсталды. Есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу операциясын Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді. Шаруа қожалығының аумағында мал бағумен айналысатын шопан иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұзақ уақыт бойы тыйым салынған заттарды сақтап келген. Аумақты тексеру барысында ол 2 жасырын орынды көрсетті, онда ағаштардың астында өткір иісі бар өсімдік тектес заттың 3 пакеті мен 2 елек жасырылған және одан 400 метр қашықтықта 6 қап пен 3 пакет анықталды. Алынған заттар сараптама нәтижелеріне сәйкес, жалпы салмағы 130 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады. Ұсталған азамат Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. - Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау). Бұл бап мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар