сейсенбі, 1 қазан, 2024 2:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық полицейлер 6 қару, гранаталар және 200-ден астам патрон тапты

Жамбылдық полицейлер 6 қару, гранаталар және 200-ден астам патрон тапты
ашық дереккөзі
Жамбылдық полицейлер 6 қару, гранаталар және 200-ден астам патрон тапты
Жамбылдық полицейлер 6 қару, гранаталар және 200-ден астам патрон тапты Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында 6 қару, 3 граната, 5 оқ жатар, резеңке таяқ және 216 патронды анықтап тапты. Қару-жарақтың ішінде граната атқыш, шолақ және тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, МР-355 тапаншасы, соғыс, газ және жарық-шу гранаталары, тапаншаның 5 оқ жатары және әртүрлі калибрлі 216 патрон болды.Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар