Жамбылдық полицейлер оқушыларға құқықтық сауаттылық дәрістерін өткізді
Жамбылдық полицейлер оқушыларға құқықтық сауаттылық дәрістерін өткізді
Полиция қызметінің маңызды бағытының бірі - облыстың білім беру мекемелеріндегі кәмелетке толмағандарды құқықтық ақпараттандыру. Осы мақсатта полиция қызметкерлері күн сайын кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша дәрістер өткізуде. Іс-шаралар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтарының алдын алу және олардың осы саладағы білім деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Осылайша, полицейлер оқушыларды "Интернет" желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстырады және әлеуметтік желілер арқылы әрекет ететін қаскүнемдердің ең көп таралған айла-амалдары туралы айтады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция қызметкерлері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелерін түсіндіре отырып, оларды құқық бұзушылықтар жасаудан, зиянды әдеттерден, яғни темекі шегуден және алкогольдік ішімдіктер ішуден сақтандырады. Сонымен қатар, балалардың жол қозғалысы ережелеріне және жолдардағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. - Күнделікті дәрістер өткізу - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ескерту және жасөспірімдермен сенімді қарым-қатынас орнатудың бір түрі. Әр түрлі бөліністердің қызметкерлері өз тәжірибелерінде кездескен оқиғаларымен бөлісіп, балаларға заңсыз әрекеттердің салдары туралы жете түсіндіреді. Оқушыларға осындай іс - шаралар ұнайды және дәрістерге белсенді түрде қатысады, - деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.