Жамбылдық полицейлер өртеніп жатқан көліктен үш бала мен ата-анасын алып шыққан
- авторjambylinfo.kz
- 10 мамыр, 2024
- 900
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының учаскесін патрульдеу кезінде көліктен өрт шыққанын байқап, тоқтаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Жанып жатқан көлікте жүргізуші, оның әйелі және үш баласы болған. Полицейлер оларды автокөліктен шығарып, ондағы қажетті заттарын да сыртқа тасып үлгерген. Сондай-ақ, балалар мен олардың анасын Алматыға жету үшін жолай басқа көлікке салып жіберді», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Автокөлік оқиға орнында толығымен жанып кетті. Көлік иесінің айтуынша, ол Алматыдан Қызылорда қаласына бара жатқан.
«Бүгін Алматыдан Қызылордаға бара жатқанда жазатайым оқиғаға түсіп қалдым. Көлігім бұзылып, одан өрт шықты. Жамбыл облысының полиция қызметкерлері дереу жетіп, жолды бөгеп, бала-шағамды қауіпсіз жерге апарып, заттардымды шығарып берді. Сонымен қатар, жұбайым мен балаларымды басқа көлікке салып жіберді. Жамбыл облысының полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын», - дейді көлік жүргізушісі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз